(1) Осы Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі Сіздің және "Pocketbook International SA" (егер өзінің қауымдастырылған компаниялармен қатар аталса, сондай-ақ "PocketBook" немесе "біз") арасындағы PocketBook Құрылғыларын немесе Қосымшаларын пайдалануға қатысты келісім болып табылады.
(2) PocketBook Құрылғыларын немесе Қосымшаларын пайдаланбас бұрын Осы Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімін ("Лицензиялық келісім") мұқият оқып шығыңыз. Осы ережелер Дербес деректерді пайдалану тәртібі туралы хабарламаның, сондай-ақ басқа да қосымша хабарламалардың немесе біз осы Лицензиялық келісім шеңберінде немесе PocketBook Құрылғыларын немесе Қосымшаларын пайдалану контекстінде Сіздің назарыңызды аударуды жалғастыртын PocketBook Құрылғыларын немесе Қосымшаларын пайдалануға қатысты шарттардың ажырамас бөлігі болып табылады.
(3) PocketBook құрылғыларын немесе Қосымшаларын пайдаланбас бұрын, Сізге осы Лицензиялық келісімнің шарттарына өз келісіміңізді беру қажет. Мұндай келісімсіз Сіз PocketBook Құрылғыларын немесе Қосымшаларын пайдалана алмайсыз. Егер Сіз осы Лицензиялық келісімнің шарттарымен келіспесеңіз, Сіз өз сатушыңызға бұрын пайдаланылмаған Құрылғының жаңа, тиісінше тауарлық түрін қайтару және Өз еліңіздің заңнамасымен белгіленген тауарды қайтару шарттарына сәйкес оны сатып алу бағасының өтемін алу қажет.
(4) Біз, кез келген сәтте, осы Лицензиялық келісімге және басқа да қолданылатын шарттарға, толық немесе ішінара, келесі себептер бойынша өзгерістер (бірақ мұндай өзгерістер Сіздің құқықтарыңызды негізсіз шектемейтін жағдайда) енгізе аламыз: әрі қарай дамыту, жетілдіру немесе біздің Сервистерімізге жаңа сипаттамаларды қосу мақсатында, техникалық түзету және біздің Сервистеріміздің болашақ функционалдығын қамтамасыз ету мақсатында заңды немесе реттеушілік, қауіпсіздік. Егер біз қандай да бір өзгерістер енгізетін болсақ, біз Сізді Сіздің құқықтарыңыз туралы ақылға қонымды мерзім ішінде хабардар етеміз. Әдеттегідей, біз осы Лицензиялық келісімге немесе басқа да қолданыстағы ережелерге енгізілген барлық өзгерістерді және/немесе толықтыруларды, PocketBook Құрылғыларына немесе Қосымшасына арналған операциялық жүйенің қандай да бір жаңартулармен біріктіреміз және жаңартуды/апгрейдті жүктеу барысында тиісті түйменің көмегімен осындай өзгерістермен және/немесе толықтырулармен Сіздің келісіміңізді аламыз. PocketBook Құрылғыларына немесе Қосымшаларына арналған операциялық жүйенің кез келген жаңартуын/апгрейдін орнату немесе пайдалану алдында, Сізге Лицензиялық келісімнің (егер бар болса) өзгертілген /жаңартылған шарттарына келісім беру керек. Сіз PocketBook Құрылғыларына немесе Қосымшаларына арналған операциялық жүйенің мұндай жаңартуын /апгрейдін Лицензиялық келісімнің өзгертілген / жаңартылған шарттарына келісіміңізді бермей, орната алмайсыз немесе пайдалана алмайсыз. Егер қандай да бір өзгеріс жарамсыз немесе қандай да бір себептермен жүзеге асырылмайтын болып шықса, мұның қалған өзгерістердің немесе шарттардың жарамдылығы мен жүзеге асырылуына әсер етпеуі тиіс. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, біз кез келген уақытта PocketBook Құрылғылары немесе Қосымшалары арқылы тегін Сервистерге өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз. Мұндай жағдайда Сіздің PocketBook Құрылғыңыздың немесе Қосымшаңыздың экранында пайда болатын электрондық пошта немесе хабарлама арқылы Сізді дереу хабардар етеміз.
(5) Лицензиялық келісімнің өзекті редакциясын https://legal.pocketbook-int.com/e-ink/EULA сайтынан немесе Сіздің PocketBook Құрылғыңыздың немесе Қосымшаңыздың "Баптаулар" бөлімінен табуға болады.
(6) PocketBook Құрылғыларын немесе Қосымшаларын пайдалана отырып, Сіз келесі қосымша шарттармен келісесіз:
"Apache" Лицензиясы мәтіні, 2.0 нұсқасын қар.:
http://www.apache.org/licenses/LICENSE-2.0.
GPLv3 Лицензиясы мәтінін қараңыз.:
http://www.gnu.org/licenses/gpl.html.
GPLv2 Лицензиясы мәтінін қараңыз:
http://www.gnu.org/licenses/gpl-2.0.html.
Осы Лицензиялық келісімнің мақсатында мынадай анықтамалар қолданылады:
(1) "Сандық контент" келесілер сияқты сандық контентті білдіреді: кітаптар, газеттер, журналдар, аудиоматериалдар және олармен байланысты функционалдық мүмкіндіктер.
(2) "Құрылғы" (кейде мәтін бойынша "PocketBook Құрылғысы" деп айтылады) біздің электрондық кітаптарды оқуға арналған ықшам электрондық құрылғыларды білдіреді.
(3) "PocketBook Қосымшасы" пайдаланушыларға қолдаулы Құрылғыларда Сандық контентті сатып алуға, жүктеп алуға, қарауға және/немесе пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтаманы (соның ішінде осындай бағдарламалық жасақтаманы жаңарту/жақсарту) білдіреді.
(4) "Сервис" Сандық контентті, Бағдарламалық жасақтаманы, клиенттерге қызмет көрсетуді және біз Құрылғыға сымсыз қосылуды қоса алғанда, PocketBook Құрылғылары мен Қосымшаларын Пайдаланушыларға ұсынатын басқа да қызметтерді білдіреді.
(5) "Бағдарламалық жасақтама" PocketBook Қосымшасын, сондай-ақ Құрылғыдағы барлық бағдарламалық жасақтаманы (осындай Бағдарламалық жасақтаманының қандай да бір жаңартуларын/апгрейдтерін қоса алғанда), сондай-ақ Сізге берілетін қандай да бір тиісті құжаттаманы білдіреді.
(6) "Қолдаулы құрылғылар" Сізге PocketBook Қосымшаларын пайдалануға, сондай-ақ басқа да байланысты Сервистер мен веб-сайттарды пайдалануға рұқсат етілген Құрылғылардан басқа мобильді құрылғыларды, компьютерді немесе басқа да қолдау көрсетілетін электрондық құрылғыларды білдіреді.
Егер бұл функцияға қолдау көрсетілетін болса, егер Сіздің PocketBook Құрылғыңыз Интернет желісіне қосылымды немесе үшінші тарап – провайдердің тарифтік жоспарын Сіздің Сандық контентті немесе басқа да байланысты функцияларды немесе Сервистерді сатып алуыңыз, жүктеп алуыңыз және пайдалануыңыз үшін қолданылса. Мұндай жағдайда, Сіздің Интернет желісіне қосылғаныңыз үшін сымсыз байланыс провайдері өзінің тарифтік жоспарына сәйкес қаражатты өндіріп ала алады, сондай-ақ Сізге белгілі бір шектеулер мен шарттарды жүктей алады. Егер Сіздің PocketBook Құрылғыңыз тарифтік жоспарға немесе үшінші тараптың – провайдердің төлем түрлеріне тиесілі болмаса, біз Сізден сымсыз қосылым үшін ақы ұстамаймыз.
Сіз біз ұсынатын сымсыз қосылымды, тек осы Лицензиялық келісім шеңберінде біздің Сервистерімізді, PocketBook Құрылғыларын және Қосымшаларын пайдалану мақсатында қолдана аласыз.
Егер Сіздің PocketBook құрылғыңыз сымсыз қосылым жоқ жерде орналасқан болса, Сіз біздің Сервистерімізді немесе PocketBook Құрылғыңыздың басқа да мүмкіндіктерін пайдалана алмайсыз. Біз Сіздің PocketBook құрылғыңызда сымсыз қосылымның болмауына немесе осыған байланысты Сервистерді алуда пайда болатын іркілістер үшін жауап бермейміз. Біздің бақылауымыздан тыс әрекеттер (мысалы, мобильді операторлар Сервистеріндегі немесе саясаттарындағы өзгерістер) Сізге сымсыз қосылым ұсыну шарттарына теріс әсер етуі мүмкін, сондай-ақ, Сіздің PocketBook Құрылғыңыздағы сымсыз қосылымның уақытша немесе тұрақты өзгерістеріне немесе жоғалуына әкелуі мүмкін.
(1) Сіз Бағдарламалық жасақтаманы тек PocketBook Құрылғысында немесе қолдаулы құрылғылардағы Қосымшаларда ғана пайдалана аласыз. Сонымен қатар, осы Лицензиялық келісімнің § 10-да баяндалған шарттар Бағдарламалық жасақтамаға қолданылады. Үшінші тараптың белгілі бір бағдарламалық жасақтамасына қолданылатын қосымша шарттар, Сіздің PocketBook Құрылғыңыздың немесе Қосымшаңыздың баптаулар мәзірінің заңды немесе соған ұқсас бөлімдерінде болады. Ашық бағдарламалық жасақтамаға сәйкес лицензияланған Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану осындай лицензияның шарттарымен ғана реттеледі.
(2) Бағдарламалық жасақтаманы уақытылы жаңарту үшін, біз кез келген сәтте Сізге қолмен орнатылатын жаңартуларды ұсына аламыз. Ол үшін біз жаңартуларды жүктеу барысында Сіз тиісті түйменің көмегімен бере алатын келісіміңізді алуымыз керек.
Кейбір PocketBook Құрылғыларының Сіздің Құрылғыңыздың орналасқан жеріне қолжетімділік беретін және Сіздің Құрылғыңызда орналасқан жеріңізге байланысты ақпаратты пайдаланатын функциясы бар. PocketBook кез келген жергілікті сервистердің дәлдігіне, толықтығына немесе қауіпсіздігіне кепілдік бермейді.
PocketBook Құрылғыларында немесе Қосымшаларында қолжетімді үшінші тараптың сервистерін пайдалану, пайдалану шарттарына /жалпы шарттарға және провайдердің – үшінші тараптың шарттарына тиісті. Сіз провайдерлерге – үшінші тараптарға жариялайтын барлық ақпарат үшін жауап бересіз. Сіздің дербес ақпаратыңызды пайдалануды қоса алғанда, мұндай ақпаратты пайдалану сәйкес қолданылатын саясаттармен немесе мұндай провайдердің – үшінші тараптың дербес деректерін қорғаудың өзге де шарттарымен реттелуі тиіс.
Осы Лицензиялық келісімнің қандай да бір ережесі бұзылған жағдайда, Сіз осы Лицензиялық келісіммен Сізге берілген құқықтарыңыздан автоматты түрде айырыласыз. Мұндай жағдайда PocketBook Сіздің Сервистерге қолжетімділігіңізді ешбір өтемсіз дереу тоқтата алады. Егер PocketBook, сол немесе басқа уақыт сәтінде, осы Лицензиялық келісімнің шарттарын мәжбүрлеп орындатуды талап етпесе, бұл PocketBook-тің осындай талап қою құқығынан толық бас тартуын білдірмейді.
Құрылғыларды, оқуға арналған Қосымшаларды, Сервистерді, Сандық контенттерді немесе басқа мәселелерді шешуге қатысты қандай да бір көмек алу үшін Клиенттерге қызмет көрсету бөлімімен электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: info@PocketBook-int.com. Осы Келісімге байланысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, электрондық пошта арқылы бізбен хабарласыңыз: info@PocketBook-int.com.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу барысында біз заң талаптарын сақтаймыз. Осы мәселе бойынша, сондай-ақ заң бойынша талап етілетін ақпаратқа қатысты қосымша ақпарат алу үшін, Сіздің PocketBook Құрылғыңыздағы немесе PocketBook Қосымшаңыздағы дербес деректерді қорғау туралы Хабарламамен танысыңыз.
(1) Егер бөлек сервистерге қатысты басқасы көзделмесе, PocketBook Сізге шектеулі, ерекше емес, тек жеке пайдалану үшін, табыстау құқығынсыз және қосалқы лицензия алу құқығынсыз, PocketBook Сервистерін пайдалану лицензиясын, егер Сіз осы Лицензиялық келісім шарттарын және басқа да қолданылатын шарттарды, қызмет көрсету шарттарын орындау, сондай-ақ, қолданылатын болса, қандай да бір тиісті соманы төлеу шартымен береді. Осы пайдалану құқығы өзіне (және/немесе) келесі құқықтарды қамтымайды: алып-сату; PocketBook Сервистерін немесе олардың Сандық контенттерін коммерциялық пайдалану; өнім немесе сервис туралы ақпаратты, сипаттамаларды немесе бағаларды жинау немесе пайдалану; PocketBook Сервистерін немесе олардың Сандық контенттерін екінші реттік пайдалану, сондай-ақ деректер қорын, роботтарды немесе ұқсас деректерді жинауды, не болмаса шығарып алу бағдарламаларын пайдалану.
(2) PocketBook, оның лицензиарлары, жеткізушілері, баспагерлері, құқық иеленушілері немесе басқа да контент провайдерлері Лицензиялық келісімде, Пайдалану шарттарында немесе Қызмет көрсету шарттарында анық жазылмаған барлық құқықтарды өзіне қалдырады. Ешбір PocketBook Сервистері немесе олардың кез келген бөлігі осындай әрекеттерді жасауға біздің бір жақты жазбаша келісімімізсіз коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылмайды, қайталанбайды, көшірілмейді, сатылмайды, қайта сатылмайды немесе басқаша пайдаланылмайды.
(3) Сіз PocketBook-тің кез келген сауда маркасын, логотипін немесе басқа да корпоративтік ақпаратын (бейнелерді, мәтінді, бет макеттерін немесе пішімді қоса алғанда) қосу үшін, осындай әрекеттерді жасауға біздің бір жақты жазбаша келісімімізсіз, жиектеу техникасын жасай алмайсыз немесе пайдалана алмайсыз. Сіз кез келген мета-тегтерді немесе кез келген басқа "жасырын мәтінді" PocketBook атауын немесе сауда маркаларын пайдалана отырып, осындай әрекеттерді жасауға біздің бір жақты жазбаша келісімімізсіз пайдалана алмайсыз.
(4) Сізге PocketBook Сервистерін асыра пайдалануға рұқсат етілмейді. Сіз PocketBook Сервистерін тек заң шеңберінде ғана пайдалана аласыз. Егер сіз осы Лицензиялық келісімнің шарттарын немесе қандай да бір арнайы қызмет көрсету шарттарын орындамасаңыз, Pocketbook Сервистерін пайдалануға PocketBook ұсынған құқықтар тоқтатылады
(5) PocketBook Құрылғыларында немесе PocketBook Қосымшаларында қолжетімді үшінші тараптың сервистерін пайдалануға қатысты, оларға үшінші тараптың – провайдердің тиісті пайдалану шарттары / шарттары қолданылатын болады. PocketBook үшінші тараптың осындай сервистері үшін жауапты емес. PocketBook бұл қызметтерді тексермейді және оларды немесе олардың тиісті контентін өзінікіне бейімдемейді.
(6) Ашық бағдарламалық жасақтама: Бағдарламалық жасақтама орнатылып және пайдаланылып жатқанда, осындай ашық бағдарламалық жасақтаманың құрауыштары орнатылады және пайдаланылады. Ашық бағдарламалық жасақтама құрамына енген құрауыштар файлдың басында тиісті лицензия мәтінінің көмегімен анықталады. Ашық бағдарламалық жасақтамаға арналған тиісті лицензияның шарттарын осы Лицензиялық келісімнің 6-тармағының § 1 сәйкес сілтеме бойынша өтіп, оқуға болады. Лицензияның сол шарттарын құрылғыда "Құрылғы туралы – Заң ақпараты – ашық бағдарламалық жасақтамаға лицензиялар" бөлімінен табуға болады. Ашық бағдарламалық жасақтама ашық бағдарламалық жасақтаманы пайдаланудың қолданыстағы шарттарына тиесілі. Осы Лицензиялық келісімнің ережелері ашық бағдарламалық жасақтамаға арналған лицензияның шарттарына қайшы келмейтін дәрежеде ғана қолданылады. Егер ашық бағдарламалық жасақтама лицензиясының шарттары мұны талап етсе, біз Сізге (жүктеу арқылы) компьютерде оқылатын тиісті бастапқы кодтың мұрағатталған көшірмесі түрінде тиісті құрауыштардың бастапқы кодын ұсынамыз. Егер жүктеп салынатын осындай мұрағатталған ешқандай көшірме жоқ болса, біз Сізге үш (3) жыл ішінде жіберілген Сіздің тікелей сұрауыңыз бойынша және сомасы бастапқы кодты жіберу құнынан аспайтын ақыға қолданылатын бастапқы кодтың машинамен оқылатын мұрағатталған көшірмесін басып шығарамыз.
Сізге кейбір PocketBook Сервистерін (PocketBook Cloud-тан басқа) пайдалану үшін PocketBook тіркелгі жазбасы қажет болуы мүмкін. Сіз аккаунтыңыздың және құпия сөзіңіздің құпиялылығын сақтау үшін, сондай-ақ Сіздің компьютеріңіз бен мобильді құрылғыңызға қолжетімділікті шектеу үшін жауапты боласыз. Қолданыстағы заңға сәйкес, Сіз аккаунтыңыздың деректеріне қатысты қандай да бір пайдалану және/немесе басқа да әрекеттер үшін жауап бересіз.
PocketBook басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтары туралы заңнаманы бұзбайды. Егер Сіз өз жұмысыңыз Сіздің авторлық құқықтарыңызды бұзатын жолмен көшірілген деп ойласаңыз, § 8-де көрсетілген біздің байланыс деректерімізді пайдалана отырып, бізбен хабарласыңыз.
(1) Біз Сервистердің үздіксіз және тоқтаусыз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің табысталуын қамтамасыз ету үшін, барлық мүмкін болатын күш-жігерімізді салатын боламыз. Дегенмен, Интернет желісі жұмысының ерекшеліктеріне байланысты оған кепілдік берілмейді. Біздің Сервистерімізге қолжетімділік, уақыт өте келе, техникалық жұмыстарды жүргізу, техникалық қолдау көрсету немесе жаңа функцияларды немесе сервистерді ендіру үшін үзілуі немесе шектелуі мүмкін. Біз мұндай уақытша үзілулер мен шектеулердің жиілігін және ұзақтығын шектеу үшін бар күшімізді саламыз.
(2) PocketBook, егер залал себебі Pocketbook немесе PocketBook атынан заңды өкіл немесе уәкілетті тұлға міндеттемелерін қасақана немесе өрескел салғырттықпен / орындамаумен байланысты болған жағдайда, шектелмеген жауапкершілікке тартылады.
(3) Сонымен қатар, PocketBook маңызды міндеттемелерді өрескел бұзғаны үшін жауап береді. Бұзылуы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізуге кедергі келтіретін немесе орындалуы осы Лицензиялық келісім шарттарының тиісінше орындалуын қамтамасыз ететін және Сіз орындалуына сенім білдіре алатын міндеттемелер маңызды болып табылады. Алайда, тиісті шарт бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда, PocketBook жауапкершілігі стандартты болжанатын шарт бойынша шығын мөлшерімен шектеледі. PocketBook жоғарыда аталғандардан басқа, міндеттемелердің немқұрайлы бұзылғаны үшін жауапты емес.
Өнім сапасына кепілдік беру шарттарын қабылдау фактісі бойынша, жоғарыда аталған жауапкершілікті шектеулер өлімге, дене жарақатын келтіруге немесе денсаулыққа зиян келтіруге алып келген оқиғалар туындаған немесе ақаулар анықталған жағдайда, сондай-ақ әдейі жасырылған ақаулар жағдайында қолданылмайды. Бұл ретте Product Liability Act (Өнім сапасына жауапкершілік туралы заң) ережелерінде қарастырылған жауапкершілік өзгеріссіз қалады.
(4) PocketBook-тің шектеулі немесе айрықша жауапкершілігі, оның қызметкерлерінің, өкілдерінің және сенім артылғандардың дербес жауапкершілігіне де қолданылады.
(1) Осы Лицензиялық келісім, БҰҰ-ның тауарларды халықаралық сатып алу-сату шарттары және коллизиялық құқық туралы Конвенциясын қоспағанда, Швейцария заңнамасымен реттеледі.
(2) Егер қандай да бір наразылықтар, талап үшін негіздер немесе даулар осы Лицензиялық келісімнен немесе оған байланысты туындаған болса, мұндай наразылықтарды, тек қана Лугано, Швейцария қалаларындағы құзыретті сот қарауы тиіс.
(3) Егер сіз ЕО-та тұратын тұтынушы болсаңыз, Сізге, сондай-ақ Сіз тұратын елде қолданылатын заңнаманың ережелері қолданылады. Сіз Швейцария тұтынушыларын қорғау стандарттарынан немесе Сіз тұратын ЕО-қа мүше елден туындайтын осы Лицензиялық келісім бойынша шағым бере аласыз.
(4) Осы Лицензиялық келісімнің жекелеген ережелерінің жарамсыздығы басқа ережелерді жарамсыз деп тануға әкелмейді. Жеке ереже жарамсыз болған жағдайда, заңнаманың тиісті нормалары қолданылатын болады.
(5) Еуропалық Комиссия келесі сілтеме бойынша қол жеткізуге болатын дауларды шешу үшін онлайн платформаны ұсынады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/. Біз мүдделі емеспіз және тұтынушылардың мүдделерін қорғау органында дауларды шешудің осындай рәсіміне қатысуға міндетті емес.
(1) Осы Лицензиялық келісім PocketBook бағдарламалық жасақтамасына қатысты Сіз бен PocketBook арасындағы екіжақты келісім болып табылады және Сіз бен PocketBook арасындағы осы Лицензиялық келісімнің мәніне қатысты барлық және кез келген алдыңғы немесе алдын ала уағдаластықтарды алмастырады.
(2) Осы Лицензиялық келісімнің кез келген аудармасы, тек қана қолданылатын жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкес жасалуы мүмкін. Ағылшын нұсқасы мен басқа тілдердегі нұсқалар арасындағы қандай да бір әр түрлі оқылу жағдайында, егер қолданылатын жергілікті заңнамада басқасы көзделмесе, осы Лицензиялық келісімнің ағылшын нұсқасы басым болады.
1. Сіз Бағдарламалық құралды тек өнімдер бөлігі ретінде ғана және пайдаланушыға дауыстап оқу үшін нақты уақытта мәтінді сөзге түрлендіру үшін ғана пайдалана аласыз.
2. Сіз Бағдарламалық құралды коммерциялық мақсатта емес, тек жеке қолдану үшін ғана пайдалана аласыз.
3. Сіз Бағдарламалық құралды немесе сөзді (бұл Бағдарламалық құрал көмегімен жасалған аудиошығысты және/немесе осындай шығысы бар аудионы білдіреді) келесідей жағдайларда пайдаланбайсыз:
(a) ашық сексуалды, анайы, ерсі, қорлайтын немесе әдепсіз, сенімсіздендіретін, жала жабатын, діни немесе нәсілдік белгісі жағынан қорлайтын немесе басқаша жағынан белгілі бір тұлғалар немесе топтарға өшпенділікті насихаттайтын, террористтік немесе өзге қылмыстық қызметті насихаттайтын ретінде қарастырылуы мүмкін; немесе
(б) біреудің зияткерлік меншігіне құқықтарын, құқықтарды немесе құпиялылығын бұзады.
4. Сіздің Сөзді қандай да бір жолмен, соның ішінде келесілерді қоса, бірақ олармен шектелмей, аудиофайлдар түрінде, қолданбалар, материалдар мен ақырғы пайдаланушы әзірлеген немесе ақырғы пайдаланушы үшін әзірленген мультимедиялық туындылардың бөлігі ретінде таратуға немесе басқа жолмен кез келген үшінші тұлғаға Сөзді жалға беруге, қайта сатуға, жалға беруге немесе қарызға беруге құқығыңыз жоқ.
5. Заңның міндетті ережелеріне сәйкес жол берілген максималды дәрежеде сіз Бағдарламалық құралды немесе оның кез келген бөлігін қайта жобаламайсыз, бөлшектемейсіз немесе қайта құрастырмайсыз немесе басқа жолмен бастапқы кодты немесе оның логикасын алуға немесе анықтауға әрекет жасамайсыз. Бағдарламалық құралға кіріктірілген кез келген қауіпсіздік шараларына араласуға, өзгертуге немесе жоюға әрекет жасауға, сонымен қатар араласуға, өзгертуге немесе жоюға болмайды.
6. Бағдарламалық құралмен өзара әрекет ететін кез келген өзіндік бағдарламалық құралдың, деректер мен деректер қорларының резервтік көшірмелерін жасауға толығымен Сіз жауапты боласыз.
7. Сіз осы Ақырғы пайдаланушымен Лицензиялық келісімде берілген тікелей лицензиядан басқа Бағдарламалық құралға ешқандай меншік құқығына немесе зияткерлік меншік құқығына ие болмайсыз.
8. Сіздің Бағдарламалық құралға меншік құқығы туралы қандай да бір хабарламаларды немесе шектеулерді жоймауыңыз тиіс.
9. Сізге Бағдарламалық құралды өңдеуге, жаңғыртуға, түзетуге немесе өзгеше өзгертуге берілген кез келген бағдарламалық құрал Бағдарламалық құралдың бөлігі болып табылады және мұндай пункттер өзге пайдалану шарттарымен қарастырылған жағдайлардан басқа Өнімге арналған лицензиялық келісіммен реттеледі.
10. Сіздің Бағдарламалық құралды жалға алуға немесе жалға беруге немесе қандай да бір адамға қосалқы лицензиялауға құқығыңыз жоқ. Кез келген жалға алу, жалға беру немесе қосалқы лицензиялау әрекеті, сонымен қатар өзінің қандай да бір құқықтарын беру жарамсыз болып табылады.
11. Сіз өзіңізге берілген лицензия әрекет етуін тоқтатқан кезде Бағдарламалық құралдың кез келген пішінде барлық көшірмелерімен, түрлендірулерімен және біріктірілген бөліктерімен бірге жоюға келісесіз.
12. Егер Бағдарламалық құрал талап ету құралы немесе Бағдарламалық құралдың Құрама Штаттардың немесе Еуропалық Одақтың авторлық құқықтарын немесе патенттерін тікелей бұзады деп бекіткен PocketBook қарсы үшінші тараптың талап ету құралы болатын немесе READSPEAKER пікірі бойынша талап ету құралы болып табылуы мүмкін болса, Сіздің Бағдарламалық құралға барлық құқықтарыңыз тоқтатылуы мүмкін.
1. Сіз Бағдарламалық құралды тек өнімдер бөлігі ретінде ғана және пайдаланушыға дауыстап оқу үшін нақты уақытта мәтінді сөзге түрлендіру үшін ғана пайдалана аласыз.
2. Сіз Бағдарламалық құралды коммерциялық мақсатта емес, тек жеке қолдану үшін ғана пайдалана аласыз.
3. Сіз Бағдарламалық құралды немесе сөзді (бұл Бағдарламалық құрал көмегімен жасалған аудиошығысты және/немесе осындай шығысы бар аудионы білдіреді) келесідей жағдайларда пайдаланбайсыз:
(а) ашық сексуалды, анайы, ерсі, қорлайтын немесе әдепсіз, сенімсіздендіретін, жала жабатын, діни немесе нәсілдік белгісі жағынан қорлайтын немесе басқаша жағынан белгілі бір тұлғалар немесе топтарға өшпенділікті насихаттайтын, террористтік немесе өзге қылмыстық қызметті насихаттайтын ретінде қарастырылуы мүмкін; немесе
(b) біреудің зияткерлік меншігіне құқықтарын, құқықтарды немесе құпиялылығын бұзады.
4. Сіздің Сөзді қандай да бір жолмен, соның ішінде келесілерді қоса, бірақ олармен шектелмей, аудиофайлдар түрінде, қолданбалар, материалдар мен ақырғы пайдаланушы әзірлеген немесе ақырғы пайдаланушы үшін әзірленген мультимедиялық туындылардың бөлігі ретінде таратуға немесе басқа жолмен кез келген үшінші тұлғаға Сөзді жалға беруге, қайта сатуға, жалға беруге немесе қарызға беруге құқығыңыз жоқ.
5. Заңның міндетті ережелеріне сәйкес жол берілген максималды дәрежеде сіз Бағдарламалық құралды немесе оның кез келген бөлігін қайта жобаламайсыз, бөлшектемейсіз немесе қайта құрастырмайсыз немесе басқа жолмен бастапқы кодты немесе оның логикасын алуға немесе анықтауға әрекет жасамайсыз. Бағдарламалық құралға кіріктірілген кез келген қауіпсіздік шараларына араласуға, өзгертуге немесе жоюға әрекет жасауға, сонымен қатар араласуға, өзгертуге немесе жоюға болмайды.
6. Бағдарламалық құралмен өзара әрекет ететін кез келген өзіндік бағдарламалық құралдың, деректер мен деректер қорларының резервтік көшірмелерін жасауға толығымен Сіз жауапты боласыз.
7. Сіз осы Ақырғы пайдаланушымен Лицензиялық келісімде берілген тікелей лицензиядан басқа Бағдарламалық құралға ешқандай меншік құқығына немесе зияткерлік меншік құқығына ие болмайсыз.
8. Сіздің Бағдарламалық құралға меншік құқығы туралы қандай да бір хабарламаларды немесе шектеулерді жоймауыңыз тиіс.
9. Сізге Бағдарламалық құралды өңдеуге, жаңғыртуға, түзетуге немесе өзгеше өзгертуге берілген кез келген бағдарламалық құрал Бағдарламалық құралдың бөлігі болып табылады және мұндай пункттер өзге пайдалану шарттарымен қарастырылған жағдайлардан басқа Өнімге арналған лицензиялық келісіммен реттеледі.
10. Сіздің Бағдарламалық құралды жалға алуға немесе жалға беруге немесе қандай да бір адамға қосалқы лицензиялауға құқығыңыз жоқ. Кез келген жалға алу, жалға беру немесе қосалқы лицензиялау әрекеті, сонымен қатар өзінің қандай да бір құқықтарын беру жарамсыз болып табылады.
11. Сіз өзіңізге берілген лицензия әрекет етуін тоқтатқан кезде Бағдарламалық құралдың кез келген пішінде барлық көшірмелерімен, түрлендірулерімен және біріктірілген бөліктерімен бірге жоюға келісесіз.
12. Егер Бағдарламалық құрал талап ету құралы немесе Бағдарламалық құралдың Құрама Штаттардың немесе Еуропалық Одақтың авторлық құқықтарын немесе патенттерін тікелей бұзады деп бекіткен PocketBook қарсы үшінші тараптың талап ету құралы болатын немесе READSPEAKER пікірі бойынша талап ету құралы болып табылуы мүмкін болса, Сіздің Бағдарламалық құралға барлық құқықтарыңыз тоқтатылуы мүмкін.