SEND-TO-POCKETBOOK ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

Осы нұсқа қайта қаралды және 25.03.2020 бастап күшіне енді.

КІРІСПЕ

Send-to-PocketBook құпиялылық туралы хабарламасына қош келдіңіз.

Send-to-PocketBook Сіздің құпиялылығыңызды сақтайды және Сіздің дербес деректеріңізді қорғауға міндеттенеді. Осы Құпиялылық туралы Хабарламада Сіз, Сервис Wi-Fi-ға қосулы болғанда Send-to-PocketBook Сервисін пайдалану кезінде Сіздің дербес деректеріңізбен қалай жұмыс істейтініміз, сондай-ақ Сіздің құпиялылық құқықтарыңыз және Сізді заң қалай қорғайтыны туралы ақпаратты аласыз.

Осы Құпиялылық туралы Хабарлама көп деңгейлі пішімде берілген, сондықтан Сіз төменде көрсетілген нақты сұрақтарға көше аласыз. Сондай-ақ сіз осы Құпиялылық туралы Хабарламада пайдаланылатын кейбір терминдердің мағынасын түсіну үшін Глоссарийді пайдалана аласыз.

1. БІЗ ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

2. БІЗ ЖИНАЙТЫН СІЗ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

3. СІЗДІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІҢІЗ ҚАЛАЙ ЖИНАЛАДЫ

4. БІЗ СІЗДІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАМЫЗ

5. СІЗДІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ АШУ

6. ДЕРЕКТЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАБЫСТАУ

7. ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ

8. ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ

9. СІЗДІҢ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ

10. ГЛОССАРИЙ

1. БІЗ ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

ОСЫ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ

Осы Құпиялылық туралы Хабарламаның мақсаты Pocketbook International SA Сервисінің Сіз PocketBook (“Send-to-PocketBook”) сауда белгісінің Send-to-PocketBook Сервисін пайдаланғанда Сіздің дербес деректеріңізді, соның ішінде Сіз Send-to-PocketBook Сервисі арқылы ұсына алатын кез келген деректерді жинау жолы туралы Сізді хабардар ету болып табылады. Сондай-ақ, біз электрондық кітаптартарға арналған Bookland, Readrate, Cloud және Support сияқты ілеспе сервистерді иеленеміз, басқарамыз және ұсынамыз. Сондай-ақ біз электрондық кітаптарды (“Кітап”) және мобильді қосымшаларды құрамыз, әзірлейміз, өндіреміз, таратамыз және қолдаймыз. Осы Хабарламаның мақсаты үшін Send-to-PocketBook “Сервистер” немесе кейде “Send-to-PocketBook Сервисі” деп аталады. Сервистер Pocketbook Group Қызметтері мен Өнімдерінің бөлігі болып табылады, ол Швейцария, Лугано қаласында бас кеңсесі бар PocketBook International SA компаниясына тиесілі. PocketBook International SA туралы көбірек ақпарат https://www.pocketbook.ch сілтемесі бойынша орналасқан.

Сервистер 16 жастан кіші балаларға арналмаған, ал Pocketbook International SA балалар туралы деректерді әдейі жинамайды. Пайдаланушының тіркеулік жазбаны Сервистерде тіркеу және PocketBook Сервистерін пайдалану үшін, кемінде 16 жаста болуы тиіс. Егер ата-ана немесе заңды қамқоршысы Pocketbook International SA деректер қорында 16 жастан кіші кәмелетке толмаған бала туралы дербес ақпарат бар деп есептесе, бізбен privacy@pocketbook-int.com мекенжайы бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз және біз өз жазбаларымыздан осындай ақпаратты жою үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.

Осы Құпиялылық туралы Хабарламаны және Сіздің деректеріңізді қалай және неліктен пайдаланатынымыз туралы толық хабардар болу үшін, біз дербес деректеріңізді жинау немесе өңдеу кезінде белгілі бір жағдайларда ұсына алатын дербес деректерді өңдеуге қатысты қолданылатын құпиялылық туралы кез келген басқа хабарламаны оқып шығу маңызды. Осы Құпиялылық туралы Хабарлама басқа хабарламаларды толықтырады және оларды жоймайды.

Егер сіз осы Хабарламамен келіспесеңіз, біздің Сервистерімізге кірмеңіз және біздің Сервистерімізді пайдаланбаңыз, сондай-ақ біздің бизнес қызметіміздің кез келген басқа тараптарымен өзара әрекеттеспеңіз.

БАҚЫЛАҒЫШ

Pocketbook International SA – бұл PocketBook (“Өнімдер”) сауда белгісімен электронды кітаптар шығаратын компания.

Pocketbook International SA бақылағыш болып табылады және Сіздің (бірлесіп осы Құпиялылық туралы Хабарламада “PocketBook”, “біз”, “бізді” немесе “біздің” деп аталатын) дербес деректеріңіз үшін жауап береді.

Осы Құпиялылық туралы Хабарламаға қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, сондай-ақ дербес деректерді қорғау жөніндегі Жалпы Регламентке (GDPR) сәйкес Сіздің заңды құқықтарыңызды жүзеге асыру туралы кез келген сұратулар туындаған кезде, оларды privacy@pocketbook-int.com электрондық мекенжайына жіберіңіз.

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ БІЗДІҢ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ МІНДЕТТЕМЕМІЗ

Қажет болған жағдайда, біз осы Құпиялылық туралы Хабарламаның ережелерін қайта қарастыра аламыз. Құпиялылық туралы хабарламаның соңғы нұсқасы Сіздің дербес деректеріңізді бізбен пайдалану шарттарын реттейді және ол үнемі https://legal.pocketbook-int.com/send-to-pocketbook/PRIVACYNOTICE жарияланатын болады.

БӨГДЕ СІЛТЕМЕЛЕР

Send-to-PocketBook сервисінде бөгде веб-сайттарға, плагиндерге және қосымшаларға сілтемелер болуы мүмкін. Егер Сіз мұндай сілтемелер бойынша өтетін немесе осындай қосылымдарға мүмкіндік беретін болсаңыз, үшінші тараптар Сіз туралы деректерді жинай алады немесе жібере алады. Біз мұндай өзге веб-сайттарды, плагиндерді және қосымшаларды бақыламаймыз және олардың құпиялылық туралы мәлімдемелеріне қатысты жауапты болмаймыз.

2. БІЗ ЖИНАЙТЫН СІЗ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

Дербес деректер немесе жеке ақпарат, оның көмегімен адамды сәйкестендіруге болатын ол туралы кез келген ақпаратты білдіреді. Ол жеке тұлғаны сәйкестендіру жойылған деректерді (жасырын деректерді) қамтымайды.

Сіз Wi-Fi қызметіне қосылғанда және Send-to-PocketBook Сервисін пайдаланғанда біз тек Сіздің электрондық поштаңыздың мекенжайын және Сіздің “ақ тізіміңіздегі” пайдаланушылардың электрондық пошта мекенжайларын жинаймыз. “Ақ тізім” туралы көбірек білу үшін Send-to-PocketBook Сервисін Пайдалану Шарттарымен танысыңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Сіздің “ақ тізіміңізге” электрондық пошта мекенжайын қосу арқылы Сіз осындай электрондық пошта мекенжайының иесі болып табылатыныңызды немесе Сіз тиісті электрондық пошта мекенжайының иесінен Сервиспен жұмыс істеген кезде осындай мекенжайды заңды пайдалануға келісім алғаныңызды растайсыз.

Біз Send-to-PocketBoook Сервисінде Қызметтерді тиісінше көрсету үшін Сіздің Кітабыңыздың сериялық нөмірі сияқты қажетті Кітап туралы мұндай дербестендірілмеген ақпаратты жинай аламыз.

Біздің келесі түрде топтастырған Сіз туралы дербес деректердің алуан түрін жинауымыз, пайдалануымыз және сақтауымыз мүмкін:

Біз Сіздің (Сіздің нәсіліңіз немесе этникалық тиістілігіңіз, діни немесе философиялық наным-сенімдеріңіз, жыныстық өміріңіз, жыныстық бағдарыңыз, саяси пікірлеріңіз, кәсіподақтағы мүшелігіңіз, Сіздің денсаулығыңыз туралы, генетикалық және биометриялық деректеріңіз туралы ақпаратты қамтитын) Ерекше санаттардағы дербес деректеріңізді жинамаймыз. Сондай-ақ, біз сотталғандығыңыз және жасаған қылмыстарыңыз туралы ақпаратты жинамаймыз.

ЕГЕР СІЗ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҰСЫНБАҒАН БОЛСАҢЫЗ

Заңға немесе Сізбен жасасқан шартқа сәйкес біз дербес деректерді жинауға міндетті болсақ, ал Сіз оларды ұсынбаған жағдайда біз осы шарттың немесе жасалу барысындағы шарттың (мысалы, Сізге қызметтер немесе тауарлар ұсыну) талаптарын орындай алмаймыз. Соның салдарынан біздің Сізге қызмет немесе өнім беруді тоқтатуға мәжбүр болуымыз мүмкін, бірақ біз Сізге бұл туралы хабарлайтын боламыз.

НАЗАР АУДАРУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ!

Егер Сіз Дербес деректерді жинайтын қосымша Қызметтер мен Өнімдерді пайдалансаңыз, олардың құпиялылығы туралы хабарламаларды оқып шығуыңызды өтінеміз:

  1. IOS/Android жүйесіне арналған PocketBook Reader қосымшасы
  2. PocketBook Reader
  3. ReadRate
  4. Cloud

3. СІЗДІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІҢІЗ ҚАЛАЙ ЖИНАЛАДЫ?

Біз Сізден және Сіз туралы деректерді жинау әдісі ретінде Автоматтандырылған технологияларды немесе өзара әрекеттестіктерді пайдаланамыз. Сіз бізбен және біздің Қолдау командамызбен өзара әрекеттестікте болғанда біз автоматты түрде Сіздің Кітап туралы Байланыс және техникалық деректеріңізді жинай аламыз.

Біз Сіздің деректеріңізді Сізбен тікелей өзара әрекеттесу үшін жинаймыз. Сіз өз Байланыс деректеріңізді бізге нысандарды толтыру немесе телефон арқылы, не болмаса электрондық хат жазу немесе басқа да тәсілмен, соның ішінде сіз өз сұрауыңыз бойынша пайдаланатын Клиенттерді қолдау қызметіне ұсына аласыз.

4. БІЗ СІЗДІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАМЫЗ?

Сіз бізбен өзара әрекеттескенде біз Сіздің дербес деректеріңізді пайдаланамыз. Сіз туралы біз жинайтын Деректер 2-бөлімде көрсетілген біздің басқа Сервистеріміз басқа дербес деректерді жинайтын болады.

БІЗ СІЗДІҢ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ПАЙДАЛАНАТЫН МАҚСАТТАР

Төмендегі кестеде біз Сіз Send-to-PocketBook Сервисін пайдалану барысында жиналған деректерді пайдалануды жоспарлап отырған барлық тәсілдердің сипаттамасын, біз қандай заңды негіздерге сүйенетінімізді және т.б. баяндадық. Сондай-ақ біз қолданылатын жерде қандай заңды мүдделеріміз бар екенін анықтадық.

Мақсаты/Қызметі Деректер түрі Заңды мүдделердің негізін қоса алғанда, өңдеу үшін заңды негіз
(1) Келесілерді қамтитын біздің өзара әрекеттестігімізді басқару:
(a) Біздің Пайдалану Шарттарымыздағы немесе Құпиялылық туралы Хабарламадағы өзгерістер туралы Сізге хабарлау;
(б) Сізбен өзара әрекеттестік және Клиенттік Қолдау көрсету
Байланыс (a) Ортақ шартты орындау
(б) Біздің Сервисіміз бойынша Клиенттік Қолдау көрсету қажеттілігі
Біздің компаниямызды және Send-to-PocketBook Сервисін басқару және қорғау (оның ішінде ақаулықтарды жою, деректерді талдау, тестілеу, жүйеге қызмет көрсету, қолдау, есептілік және деректерді орналастыру) Байланыс
Техникалық
(а) Біздің (біздің бизнесімізді жүргізу, әкімшілік және ІТ-қызметтерді ұсыну, желі қауіпсіздігі, алаяқтықтың алдын алу үшін және бизнесті қайта ұйымдастыру немесе топты қайта құрылымдау контекстіндегі) заңды мүдделеріміз үшін қажеттіліктер
(б) Заңды міндеттемелерді сақтау қажеттілігі

МАҚСАТТЫ ӨЗГЕРТУ

Біз Сіздің дербес деректеріңізді тек оларды жинаған мақсаттарда ғана пайдаланатын боламыз.

Егер бізге Сіздің дербес деректеріңізді бастапқы мақсаттарға қатысы жоқ мақсаттарда пайдалану қажет болса, біз Сізге бұл туралы хабарлаймыз және мұны жасауымызға мүмкіндік беретін заңды негізді түсіндіреміз.

Егер бұл талап етілсе немесе заңмен рұқсат етілсе, жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкес, Сіздің дербес деректеріңізді Сізге айтпастан немесе келісіміңізсіз өңдей алатынымызға назар аударыңыз.

5. СІЗДІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ АШУ

Біз төменде көрсетілген тараптардан басқа және 2-бөлімдегі кестеде белгіленген мақсаттарда Сізді сәйкестендіретін деректерді жарияламаймыз және бермейміз:

6. ДЕРЕКТЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАБЫСТАУ

PocketBook – бұл бүкіл әлем бойынша ақпаратты жинайтын халықаралық компания және негізінен, біз ақпаратты Нидерландыда сақтаймыз. Сервистерді пайдалана отырып, Сіз Өз еліңіздің шегінен тыс және осы Хабарламада сипатталған мақсаттарда Өз ақпаратыңызды беруге және сақтауға келісім бересіз. Осы елдерде Сіздің ақпаратыңыздың құпиялылығын және қолжетімділігін иемдену құқығын қорғау Сіздің еліңізде болып жатқан жағдайларға сәйкес келмеуі мүмкін.

Біз Еуропалық Экономикалық кеңістіктен (ЕЭК) ақпарат табыстау кезінде қосымша шараларды қабылдаймыз. Олар ЕЭК-тен тыс жерлерде ақпарат алатын тараптармен біздің шарттарымызда Еуропалық Комиссия мақұлдаған стандартты ережелердің болуын қамтиды. Сондай-ақ, біз ЕЭК-тен тыс елдерге деректерді табыстауға қатысты мән-жайларға байланысты белгілі бір елдердегі қауіпсіздіктің барабар шаралары туралы Еуропалық Комиссия шешімдеріне сүйенеміз.

7. ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ

Біз деректердің кездейсоқ жоғалуына, Сіздің деректеріңіздің рұқсатсыз пайдаланылуына немесе оларға қол жеткізілуіне, олардың өзгертілуіне немесе жариялануына жол бермеу үшін тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдадық. Сонымен қатар, біз Сіздің деректеріңізге кейбір қызметкерлердің, агенттердің, мердігерлердің және басқа да үшінші тұлғалардың қызметтік қажеттілікке сәйкес қолжетімділігін шектедік. Олар Сіздің дербес деректеріңізді, тек біздің нұсқаулықтарымызға сәйкес өңдей алады және оларға құпиялылықты сақтау бойынша міндеттеме қолданылатын болады.

Біз дербес деректерді пайдаланудың бұзылғандығы туралы кез келген күдіктерді жою бойынша үрдістерді енгіздік, егер біз мұны заң бойынша орындауға міндетті болсақ, Сізді және тиісті реттеуші органды бұзушылықтар туралы хабардар етеміз.

8. ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ

МЕНІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІМДІ СІЗ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰЗАҚ УАҚЫТ ПАЙДАЛАНАСЫЗ?

Біз Сіздің дербес деректеріңізді тек біз оларды жинаған мақсаттарды орындау үшін, соның ішінде барлық заңды, бухгалтерлік немесе есептік талаптарды сақтау үшін қажетті мерзімге сақтаймыз.

Сіздің дербес деректеріңізді сақтаудың қолайлы мерзімін анықтау үшін біз дербес деректердің көлемін, сипатын және осалдығын, Сіздің деректеріңізді рұқсатсыз пайдалану немесе жария ету нәтижесінде зиян келтірудің ықтимал тәуекелін, Сіздің деректеріңізді өңдеудегі мақсаттарды және басқа құралдардың көмегімен осы мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігін және қолданылатын заңды талаптарды ескереміз. 

Кейбір жағдайларда Сіз бізден өз деректеріңізді жоюды сұрай аласыз: қосымша ақпарат алу үшін төмендегі Жоюға сұраныс бөлімін қараңыз.

Кейбір жағдайларда біз Сіздің байланыс деректеріңіздізерттеу немесе статистикалық мақсаттарда жасырын ете аламыз (осылайша олар Сізбен байланысты болмайды) және мұндай жағдайда біз бұл ақпаратты белгісіз уақыт ішінде қосымша ескертусіз пайдалана аламыз.

9. СІЗДІҢ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ

Белгілі бір жағдайларда Сіздің дербес деректеріңізге қатысты деректерді қорғау туралы заңдарға сәйкес құқықтарыңыз бар. Біздің Сервистерімізді пайдаланушы ретінде Сіздің келесі құқықтарыңыз бар:

Сіздің дербес деректеріңіздің өңделуін шектеуді сұрату. Бұл Сізге келесі жағдайларда Сіздің дербес деректеріңіздің өңделуін тоқтатуға сұрату жіберуге мүмкіндік береді: (а) егер Сіз деректердің дәлдігін анықтауды қаласаңыз; (б) біз деректерді заңсыз пайдаланғанда, бірақ Сіз оларды жоюымызды қаламасаңыз; (в) деректерді, тіпті егер олар бізге енді қажет болмаса да, сот талап-арыздары кезінде анықтау, қолдану немесе қорғау үшін сақтауымызды қаласаңыз; немесе (г) Сіз өз деректеріңіздің пайдаланылуына қарсылық білдірдіңіз, бірақ біздің оларды пайдалануға басым заңды негізіміз бар-жоғын тексеруіміз қажет.

Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім беретініңізге сенім артатын кез келген уақытта келісімді қайтарып алу. Алайда, бұл Сіз келісіміңізді қайтарып алмас бұрын әлдеқашан орын алған өңдеудің заңдылығына әсер етпейді. Егер Сіз өз келісіміңізді қайтарып алған болсаңыз, біз Сізге белгілі бір өнімдер мен қызметтерді ұсына алмаймыз. Егер бұл орынды болса, Сіз қайтарып алған сәтте біз Сізге бұл туралы хабарлаймыз.

Егер Сіз жоғарыда баяндалған қандай да бір құқықтарды іске асыруды қаласаңыз, бізбен хабарласыңыз privacy@pocketbook-int.com және өз тілегіңізді жазыңыз.

ӘДЕТТЕ ТӨЛЕМ ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ

Сізге деректеріңізге қол жеткізу үшін (немесе Сіздің кез келген басқа құқықтарыңызды жүзеге асыру үшін) төлеу қажет емес. Алайда, Сіздің сұратуыңыз анық негізделмеген, қайталанатын немесе шамадан тыс болып табылса, біз Сізден ақылға қонымды ақы ұстай аламыз. Немесе біз осындай жағдайларда Сіздің сұратуыңыздан бас тарта аламыз.

БІЗГЕ СІЗДЕН НЕ ҚАЖЕТ БОЛУЫ МҮМКІН

Біз Сіздің жеке басыңызды растап, Сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізу құқығыңызды қамтамасыз ету (немесе Сіздің кез келген басқа құқықтарыңызды жүзеге асыру) үшін, Сізден жеке ақпаратты сұрай аламыз. Бұл дербес деректердің оларды алуға құқығы жоқ адамдарға жария етілмейтініне кепілдік беретін қауіпсіздік шарасы. Біз, сондай-ақ процесті тездету мақсатында Сіздің сұрауыңызға жауап беру үшін қосымша ақпаратты сұрай аламыз.

ЖАУАПҚА БЕРІЛЕТІН УАҚЫТ ШЕГІ

Біз бір ай ішінде барлық заңды сұрауларға жауап беруге тырысамыз. Кейде Сіздің сұрауыңыз ерекше күрделі болған немесе Сіз бірнеше сұрау жасаған кезде, бұған бір айдан көп уақыт жұмсалуы мүмкін. Мұндай жағдайда біз Сізге хабарлаймыз және Сізді оқиғалар туралы хабардар етіп отырамыз.

10. ГЛОССАРИЙ

ЗАҢДЫ НЕГІЗДЕР

Заң мүддесі біздің компаниямыздың Сізге ең жақсы Қызметтер мен Өнімдерді, ең жақсы және ең қауіпсіз тәжірибені ұсына алатындай бизнесті жүргізуге және басқаруға мүдделі екенін білдіреді. Біздің заңды мүдделеріміз бойынша Сіздің деректеріңізді өңдемес бұрын біз міндетті түрде Сізге (оң және теріс) және Сіздің құқықтарыңызға әлеуетті әсер етуге қатысты тепе-теңдікті ескереміз және сақтаймыз. Біз Сізге әсер ету салдарынан (егер, тек бізде ғана Сізден келісім бар немесе ол талап етілетін, не болмаса заңмен рұқсат етілген болса) біздің мүдделеріміз бұзылатын әрекеттер үшін Сіздің дербес деректеріңізді пайдаланбаймыз. Сіз бізге хабарласу privacy@pocketbook-int.com арқылы белгілі бір әрекеттер барысында Сізге кез келген әлеуетті әсер етуге қатысты біздің заңды мүдделерімізді қалай бағалайтынымыз туралы көбірек ақпарат ала аласыз.

Шартты орындау Сіз қатысушы болып табылатын Шарт талаптарын орындау үшін немесе шарт жасалған сәтке дейін Сіздің сұрауыңызға жауап беру үшін қажет болған жерде Сіздің деректеріңіздің өңделуін білдіреді.

Егер бұл мұндай өңдеуге қатысты заңгерлік немесе нормативтік міндеттемелерді сақтау үшін қажет болса, заңгерлік немесе нормативтік міндеттемені сақтау Сіздің дербес деректеріңіздің өңделуін білдіреді.

ҮШІНШІ ТАРАПТАР

ІШКІ ҮШІНШІ ТАРАПТАР

БЭК-те және БЭК-тен тыс негізделетін бірлескен бақылаушылар немесе өңдеушілер ретінде әрекет ететін PocketBook Group құрамындағы басқа компаниялар IT-қызметтер мен жүйелік әкімшілендіру қызметтерін ұсынады, сондай-ақ басшылыққа есеп береді.

Клиенттерді қолдау PocketBook сауда белгісімен өнім мен қызметтерді сатып алмас бұрын, сол уақытта және одан кейін телефон немесе электрондық пошта арқылы соңғы клиентке қолдау көрсетуді білдіреді.