POCKETBOOK INTERNATIONAL S.A.

SEND-TO-POCKETBOOK СЕРВИСІН ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ

25.03.2020 бастап қолданылады

1. Жалпы ережелер.

1.1. Келесі Пайдалану Шарттары Сізге және PocketBook International SA (байланысты компаниялармен бірге "PocketBook" немесе "біз" деп те аталғандар) Оқуға арналған PocketBook ("Кітап") Құрылғысы арқылы Send-To-Pocketbook Service ("Сервис") Сервисін пайдалануға қатысты қолданылады.

1.2. Сервисті пайдалануды бастамас бұрын, Пайдалану Шарттарын ("Шарттар"), сондай-ақ PocketBook Құпиялылық туралы хабарламасын және басқа да қосымша ескертулерді немесе Сервисті не Кітапты пайдалануға қолданылатын шарттарды мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз.

1.3. Сервисті пайдаланбас бұрын Сіздің осы Шарттармен келісуіңіз керек. Егер Сіз осы Шарттармен келіспесеңіз, Сервисті пайдаланбаңыз.

1.4. Біз осы Шарттарға келесілерді негізге ала отырып, кез келген уақытта толық немесе ішінара өзгерістер енгізе аламыз: заңды немесе нормативтік, қауіпсіздік, одан әрі дамыту, жақсарту немесе Сервистің қолданыстағы функцияларына қосу, техникалық түзету және Сервистің келешек функционалдығын қамтамасыз ету. Егер біз қандай да бір өзгерістер енгізетін болсақ, біз Сізге бұл туралы ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде электрондық пошта арқылы немесе Сіздің Кітабыңызда пайда болатын хабарлама түріндегі қалқымалы хабарландыру арқылы хабарлаймыз.

1.5. Өзекті және қолданыстағы Шарттар әрдайым https://legal.pocketbook-int.com/send-to-pocketbook/termsofuse/ сілтемесі бойынша немесе Сіздің Кітабыңыздағы баптауларда орналасады. Шарттар тек Сервисті пайдалануды реттейтініне назар аударыңыз. Сіздің Оқуға арналған PocketBook Құрылғыңызды Пайдалану Шарттары туралы көбірек білу үшін, тиісті құжатқа өтуіңізді сұраймыз.

2. Send-To-Pocketbook Сервисінің сипаттамасы.

Send-To-Pocketbook ("Сервис") сервисі Сіздің Кітабыңыздың электрондық поштасына файлдарды жіберуге мүмкіндік береді. Wi-Fi қосылған жағдайда, жіберілген кітаптар автоматты түрде Сіздің Кітабыңызға жүктеп салынады.

2.1. Сервисті пайдалануды бастау жолы:

2.1.1. Send-to-PocketBook Сервисінде тіркеліңіз. Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi қосулы болу керек немесе Сізден оны қосу сұралады.

2.1.2. Ашылған баптаулар шеберінде Өз электрондық поштаңыздың байланыс мекенжайын және құпиясөзіңізді енгізіңіз.

* Белсендіру үшін сілтемесі бар хат көрсетілген мекенжайға жіберілетін болады. Өз Кітабыңыздың электрондық мекенжайын алу үшін осы сілтемеге өтіңіз (мысалы, username@pbsync.com).

ЕСКЕРТПЕ: Байланыс поштасы тек Сервисті авторландыру үшін ғана қолданылады, ал егер Сіз олардың Сіздің Кітабыңызға жүктеп салынуын қаласаңыз, Кітаптың сервистік мекенжайы username@pbsync.com электрондық кітаптарды жіберу үшін пайдаланылады.

2.1.3. Белсендірілгеннен кейін Кітапта тіркеу баптауларын жаңартыңыз. Осыдан кейін Сізге Сервистің барлық функциялары қолжетімді болады, ал кітапханада алынған кітаптарды жүктеп алу – Send to PocketBook үшін Қалта құрылатын болады.

2.2. Файлды алу әдісі.

2.2.1. Автоматты түрде:

Интернет қосулы болған кезде Сіздің Кітабыңыздың сервистік пошталық мекенжайына жіберілген файлдар автоматты түрде Кітаптар кітапханасындағы жүктеп алуға арналған Қалтаға жүктеп салынатын болады. Жүктеп алуға арналған қалта авторизациядан кейін қолжетімді болады:

Send-to-PocketBook Үнсіз келісім бойынша Жүктеп алуға арналған қалта болып табылады, бірақ Сіз оны тіркелу кезінде немесе Баптаулар > Тіркеулік жазбалар және Синхрондау > Send-to-PocketBook > жүктеп алуға арналған қалта бөлімінде өзгерте аласыз.

2.2.2. Қолмен:

Жүктеп алуға арналған қалта мазмұнын жаңарту: Баптауларда «Тіркеулік жазбалар және Синхрондау > Send-to-PocketBook > Файлдарды алу» тармақтарын таңдаңыз немесе Кітапханада «Жүктеп алуға арналған Қалтаның мәнмәтіндік мәзірінде файлдарды алу» тармақтарын таңдаңыз.

Алынған файлдар Кітаптар Кітапханасындағы жүктеп алуға арналған Қалтада да қолжетімді болады.

2.3. Сенімді жіберушілер тізімі.

2.3.1. Егер олар "ақ тізім" мекенжайынан (сенімді жөнелтушілер тізімінен) жіберілсе, құжаттардың Кітапқа жүктеп салынуы мүмкін.

2.3.2. Тіркелу кезінде көрсетілген мекенжай үнсіз келісім бойынша тізімде болады.

2.3.3. Егер Сізге Кітапқа белгісіз мекенжайдан хат келсе, Сіз жіберушіні "ақ тізімге" қосу туралы ұсынысы бар хабарлама аласыз. Сіздің растауыңыздан кейін, Сіз Кітабыңызға қосылған мекенжайдан файлдарды аласыз. Осылайша, Кітапқа спам түспейтін болады.

ЕСКЕРТПЕ: Сенімді жіберушілер тізіміне электрондық пошта мекенжайын қосу арқылы Сіз электрондық пошта мекенжайының иесі болып табылатыныңызды немесе Сіз электрондық пошта мекенжайының иесінен Сервисте осындай мекенжайды пайдалануға келісім алғаныңызды растайсыз, оған кепілдік бересіз және бекітесіз.

2.3.4. "Ақ тізімнен" қандай да бір электрондық мекенжайды алып тастау үшін Клиенттік қызметке келесі мекенжай бойынша хабарласыңыз: info@PocketBook-int.com. Тіркелу кезінде көрсетілген мекенжайды Сіз Сервисті пайдалануды аяқтаған сәтке дейін тізімнен өшіру мүмкін емес.

2.4. Сервисті пайдалануды тоқтату жолы.

2.4.1. Сервисті пайдалануды тоқтату үшін тоқтатуды сұрату арқылы Клиенттік қызметке келесі мекенжай бойынша хабарласыңыз: info@PocketBook-int.com. Осындай сұратуды алғаннан кейін, біз Сіздің кітабыңыздың сервистік мекенжайын және "ақ тізімнен" барлық мекенжайларды (сенімді жіберушілер тізімін) жоямыз. Тоқтатқаннан кейін Сервисті пайдалануды жаңарту үшін Сіздің 2.1 тармағында көрсетілгендей, Сервистің жаңа пайдаланушысы ретінде тіркелуді қайта орындауыңыз керек.

3. Байланыс және қолжетімділік.

3.1. Интернетті пайдалану және Сымсыз байланыс.

Сервисті пайдалану үшін Сіздің Кітабыңыз Интернетпен Сымсыз қосылымға (Wi-Fi) қолдау көрсету керек. Мұндай жағдайда Сіздің Интернетке қосылымыңыз үшін немесе тарифтік жоспарыңыз үшін ақы алынады, сондай-ақ сымсыз байланыс провайдері белгілеген шектеулер мен шарттар орын алады. Егер Сіздің Кітабыңызды пайдалану тарифтік жоспарды немесе үшінші тарапқа басқа төлемдерді қажет етпесе, біз сымсыз байланысты пайдалану үшін ақы алмаймыз. Егер Сіздің Кітабыңыз Wi-Fi қосылымын қолдамаса, Сіз Сервисті пайдалана алмайтыныңызға назар аударыңыз.

3.2. Сіздің Әрекеттеріңіз.

Сіз біз ұсынатын сымсыз қосылымды осы Шарттармен және Кітапты пайдалану шарттарымен рұқсат етілгендей, Сервисті қосу үшін ғана пайдалана аласыз.

3.3. Қолжетімділік.

Егер Сіздің Кітабыңыз сымсыз қосылымның қолжетімділік аймағынан тыс орналасқан болса, Сіз Сервисті пайдалана алмайсыз. Біз Сіздің Кітабыңыздың сымсыз қосылымының қолжетімсіздігі үшін немесе Сервистің осындай ақаулары үшін жауап бермейміз. Біздің бақылауымыздан тыс әрекеттердің (мысалы, мобильді оператордың сервистеріндегі немесе саясаттарындағы өзгерістер) Сіз үшін сымсыз қосылымды ұсыну және уақытша не тұрақты өзгерістерге немесе Сіздің кітабыңыздың сымсыз қосылымын жоғалтуға әкелуі мүмкін жағдайларға немесе жағдаяттарға әсер етуі мүмкін.

4. Құқықтарды тоқтату.

Егер Сіз осы Шарттардың қандай да бір ережесін бұзсаңыз, Сіз осы Шарттармен берілген құқықтарыңыздан автоматты түрде айырыласыз. Осындай жағдайлар орын алған кезде, PocketBook Сізге ақша сомасын өтемей, Сервиске қолжетімділікті кідіртпей жабуы мүмкін. Егер уақыт өте келе, PocketBook осы Шарттарды сақтауды талап етпесе, бұл PocketBook құқықтарынан жалпы бас тарту ретінде қарастырылмайтын болады.

5. Байланыс ақпараты.

Сервиспен көмек көрсету немесе кез келген мәселелерді шешу үшін Сіз Клиенттік қызметпен хабарласа аласыз: info@PocketBook-int.com. Осы шарттарға қатысы бар кез келген сұрауларға қатысты PocketBook-пен электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: info@PocketBook-int.com.

6. Құпиялылық.

Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу барысында Біз заңды талаптарды сақтаймыз. Бұл туралы, сондай-ақ заңды талап етілетін ақпарат туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін өзіңіздің Оқуға арналған PocketBook Құрылғыңызда немесе Интернетте келесі сілтеме бойынша танысуға болатын PocketBook Құпиялылығы туралы Хабарламаны қараңыз: https://legal.pocketbook-int.com/send-to-pocketbook/privacynotice.

7. Тіркеулік жазба.

Сервисті пайдалану үшін Сізге Send-To-Pocketbook тіркеулік жазбасы қажет (осы Шарттардың 2-бөлімін қараңыз). Сіз Тіркеулік жазбаңыздың және құпиясөзіңіздің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Сіздің Кітабыңызға, компьютеріңіз бен мобильді құрылғыларыңызға қолжетімділікті шектеу үшін жауапты боласыз. Сіз заңға сәйкес кез келген пайдалану және/немесе қолжетімділік деректеріне қатысты басқа әрекеттер үшін жауапты боласыз.

8. Жауапкершілік.

8.1. Біз әрдайым Сервистің үздіксіз жұмыс істеуіне және деректерді табыстаудың қатесіз болуына тырысамыз. Алайда, Интернеттің ерекшеліктеріне байланысты оған кепілдік беру мүмкін емес. Сервиске қолжетімділіктің кейде техникалық жұмыстарды жүргізу, қызмет көрсету немесе Сервистің жаңа функцияларын ендіру үшін үзілуі мүмкін. Біз жұмыстағы кез келген осындай үзілістердің немесе шектеулердің жиілігін және ұзақтығын шектеуге тырысамыз.

8.2. Егер зақымдану себептері PocketBook компаниясының немесе заңды өкілінің, не болмаса PocketBook компаниясының сенімді тұлғасының қызметтік міндеттерін қасақана немесе өрескел бұзуына негізделген болса, PocketBook бағдарламасына шексіз жауапкершілік жүктеледі.

8.3. Сонымен қатар, PocketBook негізгі міндеттемелерінің елеусіз бұзылуы үшін жауапты болуға міндеттенеді. Шарттың мақсаттарына қол жеткізуге қауіп төндіретін немесе оларды орындау, негізінен, шарттың тиісінше орындалуын қамтамасыз ететін және оларды орындауға Сіз үнемі сене алатын міндеттемелер негізгі болып табылады. Дегенмен, мұндай жағдайда PocketBook алдын ала болжанатын, нақты шарт залалы үшін ғана жауапты болады. PocketBook жоғарыда аталғандардан басқа, ұқыпсыздық бойынша міндеттемелердің елеусіз бұзылғаны үшін жауапты болмайды.

8.4. Жоғарыда аталған жауапкершілікті шектеу өнімнің сапасына кепілдік шарттары қабылданғаннан кейін өмірге немесе денсаулыққа зиян келтірілген, залал келтірілген жағдайда, сондай-ақ алаяқтықпен жасырылған ақаулар жағдайында қолданылмайды. Өнімнің сапасы үшін жауапкершілік туралы Заңға сәйкес жауапкершілік өзгеріссіз қалады.

8.5. PocketBook жауапкершілігі жойылған немесе шектелген дәрежеге компания қызметкерлерінің, өкілдерінің және сенімді тұлғаларының жауапкершілігі жатады.

9. Қолданылатын заңнама, Юрисдикция орны және Ішінара жарамсыздық, Дауларды шешу.

9.1. БҰҰ-ның халықаралық тауарларды сатып алу-сату шарттары және құқықтық нормалардың коллизиясы туралы Конвенциясымен байланысты жағдайлардан басқа кезде Швейцария заңы қолданылады.

9.2. Осы Шарттарға байланысты туындауы мүмкін кез келген шағымдар, талаптар немесе бізбен даулар туындаған жағдайда, мұндай шағымдарды Лугано, Швейцария қаласындағы құзыретті сотының айрықша қарауы тиіс.

9.3. Егер Сіз әрдайым ЕО-да тұратын тұтынушы болсаңыз, Сіз, сондай-ақ Сіз тұратын ел Заңының міндетті ережелерімен қорғаласыз. Сіз Швейцарияда да, сіз тұратын ЕО-қа мүше елде де тұтынушылардың құқықтарын қорғау нормаларына сай, осы Шарттарға сәйкес талап арыз бере аласыз.

9.4. Егер осы Шарттардың жекелеген ережелері жарамсыз болып қалса, Шарттардың қалған ережелері жарамды болып қала береді және орындалуы міндетті сипатта болады. Қандай да бір ереже жарамсыз болған жағдайда, тиісті заңнамалық ережелер қолданылады.

9.5. Еуропалық Комиссия сілтеме бойынша өтуге болатын дауларды шешу үшін онлайн-платформаны ұсынады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/. Біз тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қандай да бір органда дауларды реттеу рәсіміне қатысуды қаламаймыз және оған міндетті емеспіз.

10. Толық келісім. Негізгі тіл.

10.1. Осы Шарттар Сіз бен PocketBook арасындағы Сервиске қатысты толық келісім болып табылады және осы Шарттардың мәніне қатысы бар тараптардың барлық және алдыңғы немесе алдын ала келісімдерін алмастырады.

10.2. Осы Шарттардың кез келген аудармасының жергілікті қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. Ағылшын тіліндегі нұсқасы мен кез келген басқа тілдегі нұсқалары арасында айырмашылық болған жағдайда, егер бұл жергілікті заңдармен тікелей тыйым салынбаған болса, Шарттардың ағылшын тіліндегі нұсқасы басым күшке ие болады.